«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өзінің ұсталған орынбасары Дмитрий Васильевке қатысты пікір білдіріп, ол бопсалаудың құрбаны болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Партия төрағасы осы ақпаратқа қатысты ҰҚК-ге сауал жібергендерін жеткізді.
Алайда мәлімет ресми болған жоқ. Жұмада біз ҰҚК-ға сауал жібердік. Кеше біз «Дмитрий Васильев ұсталды» деген ресми жауап алдық. Бізге оның адвокаттарын көрсетті. Кеше біз оларға хабарласуға тырыстық, нәтиже болмады. Бірақ бүгін-ертең біз оларды табамыз деп үміттенемін. Адвокаттар беретін ақпаратқа сүйене отырып, біз не болып жатқанын түсінеміз, - деді Азат Перуашев.
Оқи отырыңыз: Мәжілістегі жанжал: Депутат қалай харассмент жұлдызына айналды
Сондай-ақ Перуашев Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүр болған адам қылмыскер деп саналмайтынын айтты.
Қандай бап екенін растамады. Қандайда бір қызметтік хаттар тараған сияқты. Дәлірек айтсақ, оған емес, Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасына «пара алды» деп айып тағылған болуы мүмкін. Мұнда істің не туралы екенін түсіну керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүр болған адам қылмыскер деп саналмайды. Параның бастамашысы кім екенін түсіну керек. Не Васильев, не ол бопсалаудың құрбаны болды, - деді партия төрағасы.
Тағы оқыңыз: «Перуашевтің қудалауы»: Экс-депутат Асқар Садықов мәлімдеме жасады
Еске салсақ, 4 қыркүйекте Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Константин Воронкин мен «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратты ІІМ растаған болатын.