Байден Тоқаевты тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Ulysmedia

Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымна орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Қазақстанның Орталық Азияда мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын», - деп жазды америкалық көшбасшы.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше,  Байден алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді деп санайды. Ол Орталық және Оңтүстік Fзия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша «Қазақстанның орасан зор күш-жігерін» жоғары бағалады.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті», - деп мәлімдеді АҚШ Президенті.