Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

Ulysmedia

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz

“Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын”, – делінген Ақорданың ресми сайтында.

Сондай ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.