Өзбекстан Қазақстанмен шекараны жапты

Ulysmedia

Уақытша шараны көрші елдің билігі омикрон штамының таралуын алдын алу үшін қолға алған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Екі елдің арасында көлік қозғалысына шектеу 15 қаңтардан бастап шектелді.

Елде әуе ұшағы арқылы келетін азаматтарға шектеу жоқ.

Сондай-ақ кіруге рұқсат етіледі:

  • - жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге;
  • - дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
  • - инвестициялық жобалар шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын азаматтарға;
  • - оқуға, емделуге, ауыр науқас жақын туыстарына баруға немесе оларды жерлеуге қатысуға.

Өзбекстан Қырғызстан шекарасынан өтуге шектеу қоймайды.