Тоқаев: Саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз

Ulysmedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың твиттерге кезекті жазбасы жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз», - деп жазды ол.

Тоқаев сонымен бірге «хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін еместігін» ескертті.

«Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі», - деп түйді президент.