Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіндегі қызметінен кетті

Ulysmedia

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Нұр-Сұлтан) тәуелсіз директоры В.К.Ким өз бастамасы бойынша Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды», - деп хабарлайды KASE баспасөз қызметі.

Өзгерістерге сәйкес, енді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесі алты адамнан тұрады, олар: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Алмасадам Сәтқалиев, Данияр Ақышев, Әлібек Қуантиров.