Тоқаев СІМ мен елшілікте бірнеше тағайындау жүргізді

Сырым Қаржас
Коллаж: Ұлысмедиа

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше тағайындау жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СІМ-ДЕГІ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Әуелі Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

 

Бұл қызметке президенттің өкімімен Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

ЕЛШІЛІКТЕР

Сонымен қатар, мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

 

Тоқаевтың жарлықтарымен: Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.