«Пайдакүнемдердің майшелпегі»: Тоқаев «Алтын ордаға» қатысты тапсырма берді

Ulysmedia

Елдегі базарлардың жұмысын заң аясында реттеу керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Фото: ашық дереккөзден

«Сауда-саттықтағы тиімсіз делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 млн адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне «Алтын орда» базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз майшелпекке айналған. Бұған Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде анық көз жеткіздік»,  – деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл іске қажет болған жағдайда құқық қорғау орындарын араластыру керегін айтып, жауапты тұлғаларға аталған мәселені реттеуге екі ай уақыт берді.