Жаңа Конституция жобасында орыс тіліне қатысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
- 9-бап нақтыланып, “тең” сөзі “қатар” деп ауыстырылды, – дейді Нұрмұханов.
Осылайша «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады» деп өзгертіледі.
БҰРЫН ҚАЛАЙ ЕДІ
Қолданыстағы Конституция мәтінінде 9-баптың 2-тармағында былай жазылған:
- Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.