Қазақстанның бірінші премьер-министрі қайтыс болды

Ulysmedia

Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Терещенко Сергей Александрович 1951 жылы дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Ресей ҒА Экономика институтын бітірген.

Еңбек жолын Шымкент облысының Түлкібас ауданына қарасты Куйбышев атындағы кеңшарда бас инженер болып бастаған. Ол Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Президентінің орынбасары, Қазақ КСР президенттік кеңесінің мүшесі болған. ҚР Шетел инвестициясы ұлттық агенттігінің төрағасы, Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ұлттық комисияның төрағасы қызметтерін атқарған.

Терещенко 1991 жылдың қазаны мен 1994 жылдың қазаны аралығында Қазақстан Республикасының премьер-министрі болды.