Құрылтай депутаттары қанша жалақы алады? Дания Еспаева жауап берді

Сырым Қаржас
qurultai

Құрылтай депутаттарының ай сайынғы жалақысы 600 мың теңгеден басталып, 1 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева брифингте айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

Журналистер халық қалаулыларының еңбекақысы туралы сұраған.

Дания Еспаеваның айтуынша, депутаттардың алатын жалақысы еңбек өтіліне қарай есептеледі.

– Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 млн теңге болады, – деді ол.

Осылайша, депутаттың нақты айлығы оның жалпы еңбек өтіліне байланысты белгіленеді.

Депутаттардың декларациясында не көрсетілген

Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтарда бұрынғы Сенат пен Мәжіліс депутаттары өздерінің және жұбайларының кірістері туралы декларацияларын жариялаған еді.

Алайда құжаттарда депутаттардың негізгі жалақысы мен жұбайларының еңбекақысы көрсетілмеген. Декларацияда дивиденд, сыйақы, мүлікті сатудан түскен қаражат сияқты салық салынатын қосымша кірістер қамтылған.

Контекст

Еске салайық, бұған дейін Құрылтай депутаттарының жұмыс кестесі бекітілгенін хабарлаған едік.