Санжар Боқаев Мәжіліске кандидат ретінде тіркелді

Ulysmedia

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауына түсуге ниет білдірген саясаттанушы және қоғам қайраткері Санжар Боқаевтың кандидатурасын тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

"Тіркеу аяқталды. Мені басқалардан гөрі ұзағырақ тексерген сияқты. Парламент Мәжілісіне кандидат куәлігін алдым",- деп жазды ол желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады, мәслихат депутаттары мандаттарының саны – 3 415. Депутаттарды тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау 19 наурызға белгіленген.

Өткен жылдың маусым айында Санжар Бокаев Namys партиясын құрғанын мәлімдеді. Алматыда партияның құрылтай съезі өтті, алайда Әділет министрлігі партияны тіркеген жоқ.

Санжар Боқаев утилизациялық алыммен табанды күресі және экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваның "Оператор РОП" компаниясын батыл сынауы арқылы көпшілік арасында кең танылды.