Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

Ғалиасқар Думан

ҚР Парламенті Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы болып Ерлан Қошанов қайта сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ерлан Қошановтың кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды. 

ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 98 депутат Қошановтың палата спикері болуын қолдаған.

Айта кетейік, бүгін президенттің қасытуымен Парламенттің бірінші сессиясы өтті.