Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұдан бұрын Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына Роман Васильевич Склярдің кандидатурасы келісілген болатын.
Айта кетейік, ол бұл қызметті 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.