×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Министр Жаңаөзендегі мұнай кәсіпорындарына тексеру қалай жүргізілетінін айтты

26.04.2023, 11:46
Министр Жаңаөзендегі мұнай кәсіпорындарына тексеру қалай жүргізілетінін айтты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жаңаөзенде кәсіпорындардың қызметін талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері министрден Жаңаөзендегі кәсіпорындарды тексеру нәтижелері туралы сұрады.

"Әзірге нәтиже жоқ, өйткені жұмыс енді ғана басталды. Тексеру "БерӘлі" компаниясының қызметкерлері көтерген мәселелер аясында жүргізілмейді. Бұл біздің жоспарлы жұмысымыз. Жыл сайын кәсіпорындарға шағымдардың саны қаралады, тәуекел дәрежесі жоғары компаниялардың тізімі жасалады. Сол кәсіпорындар тексеріледі", - деп түсіндірді Дүйсенова

Журналистер Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылар еңбек инспекциясын Еңбек министрлігіне ауыстырып, оның функцияларын әкімдіктерден алып қоюды талап еткенін еске салды.

"Менің ойымша, бұл дұрыс. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі инспекция бүкіл ел бойынша заңнаманың бірыңғай тәртіпте сақталуын қамтамасыз етуі тиіс", - деді министр.

Айта кетейік, инспекция алдында қаланың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу, жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен, сатып алу қызметімен және кәсіпорындар жұмысының басқа да аспектілерімен танысу міндеттері қойылған.

Сондай-ақ, шарттардың талаптарын бұзудың болжамды фактілері бойынша жергілікті компаниялар қызметкерлерінің шағымдары, оның ішінде "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері Астанадағы арнайы комиссия отырыстары барысында айтқан шағымдары жеке қаралатын болады.

Жұмыс комиссиясы ұсынған талдау қорытындылары бойынша экономикалық және әлеуметтік сипаттағы өзекті проблемаларды жоюға бағытталған іс-қимыл жоспары қалыптастырылатын болады.

Еске салсақ, 10 сәуірде  Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 80-ге тарта жұмысшысы Астанаға келіп, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына наразылық білдірді.

Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жұмыс талап етті. Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер мәселеміз шешілмей министрлік алдынан кетпейміз деді. Олар таңды сол жерде атырды.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастапқыда мұнайшылардың талабы айқын еместігін айтқан.

Ал премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов  жаңаөзендік жұмысшылардың тендерден ұтылған компанияның қайтадан ұтып шығуын талап етуі дұрыс еместігін мәлімдеді.

Кейіннен жұмысшылар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы ұсынған жұмыс орындарынан бас тартқаны хабарланды.

11 сәуір күні кешке пикет ұйымдастырған Жаңаөзен мұнайшыларын қауіпсіздік қызметкерлері ұстап әкетті. Жерлестерінің ұсталғанын естіген бойда Жаңаөзенде жергілікті кәсіпорындардың қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, Астанада ұсталған жұмысшыларды босатуды талап етті.

Көп ұзамай Жаңаөзен қаласының әкімі жиналғандарға бейнеөтініш жасап, мәселені түсіндірді, сабырлыққа шақырды.

12 сәуір күні таңертең жаңаөзендік мұнайшылар үйлеріне қайтып бара жатқандарын мәлімдеп, жерлестеріне алғыс айтты.

Бас прокуратураның дерегінше, Астанада Жаңаөзеннен келген 126 адам ұсталған. Олардың бесеуі “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабы бойынша ескерту түрінде жаза тағайындалған.

Бұдан бұрын “ҚазМұнайГаз” басшысы жаңаөзендіктермен үш жылдық келісімшарт жасау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген.

Ал “ҚазМұнайГазбен” келіссөз жүргізу үшін Астанада қалған мұнайшылар компания басшылығымен ортақ мәмілеге келе алмағандарын жеткізді.