Тиісті бастаманы үкіметтің бүгінгі отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көтерді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қарашөкеевтің айтуынша, суы аз циклдің сақталып отырғанын және суаратын су тапшылығының өсуін ескере отырып, фермерлерге су үнемдеу технологияларын белсенді түрде енгізу керек.
«Осыған байланысты біз экология министрлігінің барлық облыстардың алаңдарын айқындай отырып, су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі жол карталарын әзірлеп, бекіту, жоспарлардың орындалуын міндетті түрде бақылау туралы ұсынысын қолдаймыз», - деді министр.
Оның айтуынша, фермерлерді су үнемдеу технологияларын енгізуге ынталандыру тетіктері қарастырылып жатыр. Атап айтқанда қазіргі уақытта су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді өтеу жөніндегі субсидияларды суару тәсілдеріне байланысты саралау жұмысы жүргізіледі. Яғни су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлер ғана бұрынғы деңгейдегі субсидияларды алады.