Тәжікстан басшысы «Алтын Қыран» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады», - делінген Ақорда мәліметінде.
Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алды.