Алматы әкімдігі ұлттық саябақ аумағына саяжайлар салуға рұқсат берген

Ғалиасқар Думан

Алматының тау бөктеріндегі құрылыстарда, су қоймасының бойында және ерекше қорғалатын аймақтарда 150-ден астам заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото: fotokto.ru

2022 жылы тұрғындарды төтенше табиғат апаттарынан қорғау мақсатында, Алматы қаласының Бас жоспары тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік беретін, өзендердің су қоймаларын көгалдандыру шарасын қарастырды. 20 жылдан астам уақыттан бері бұл талаптар ескерілмей келеді.

“Прокуратураның наразылығымен аумағы 200 га «жасыл аймақтан» «қоршалған үйлерге» айналған жобаның егжей-тегжейлі жоспарына бұрын енгізілген өзгертулер жойылды. Тау бөктерлеріндегі жаппай құрылыс пен көпжылдық жасыл желектерді шабудың алды алынды”, – деп мәлім етті Бас прокуратура.

Ведомство дерегінше, Наурызбай ауданының Жайлау шағын ауданында аумағы 13 га жеке тұрғын үй құрылысына арналған жалған әкімдік актілерінің күші жойылды, онда таулардың баурайында аз қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланған болатын.

Автокөлік жуу орындарының заңсыз жұмыс істеуінің 29 фактісі, сондай-ақ мақсатында пайдаланылмайтын 15 учаске анықталды. Бұл нысандар су қорғау белдеуінде орналасқан.

“Су қорғау аумақтарында барлығы 118 бұзушылық анықталды, соның ішінде бассейн инспекциясының келісімінсіз 40 нысанның құрылысы, су қорғау белдеулерін өз беттерінше иемдену – 15. Тексеру барысында қылмыстық іс қозғалды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ  Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты жер учаскелерінде коттедждер салынған аумағы 15 гектардан асатын жерлер анықталған. Прокурорлардың араласуымен саябақ жалдау шарттарын бұзу туралы 5 талап арыз берілді.