Самат Әбіштің бұйрығы, суицидке оқталу: қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты соттағы тың деректер

Ғалиасқар Думан

18 қыркүйекте Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша үшінші тыңдау өтті. Он сағатқа созылған сот процесінде ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақовтың тосын мәлімдемесі көпті елең еткізді. Ол осы уақытқа дейін қылмыстық істе болмаған адам - Самат Әбіштің атын атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Егер судьяның рұқсаты болмаса, Ысқақовтың “шындығы” айтылмауы мүмкін еді

ҰҚК басшысының бірінші орынбасарының есімі сот отырысының бесінші сағатында ғана айтылды.

Ысқақов ешбір уәде мен жазасын жеңілдететін жағдайлар үшін кінәсін мойындамайтынын, өйткені ештеңеге кінәлі емес екенін сабырлы түрде атап өтті. Осы кезде әлдебіреу сотталушының сөзі нашар естілетінін айтты, өйткені микрофон одан біршама алыс қойылған. Судьяға микрофонға жақындау үшін оны камерадан шығару ұсынылды. Судья қарсылық білдірмеді,  ол ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері қандай мәлімет айтатынын аңдамаса керек.

Ысқақов өзінің кінәсіздігі туралы сөздерді тағы бір рет қайталап, ешбір жағдайда тергеушілермен келісімге бармайтынын айтты. Өйткені, оның сөзінше, өйткені уақыт өте келе бұл өтірік тарих пен жалған шындыққа айналуы мүмкін.

- Өз қолындағы шексіз ресурстардың арқасында жедел топ өздерінің нұсқаларына қайшы келетін дәлелдер жинады. Тіпті бұл дәлелдерде тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру туралы келісім жоқтығы байқалатынына да мән берген жоқ  , – деді Руслан Ысқақов.

Осы кезде судья сотталушының сөзін бөліп, оған Жұмагелдиевке қатысты өтінішхатқа қатысты бастапқы мәселені тағы да еске салды. ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері абдыраған жоқ. Ол жиі сөйлемейтінін және айтары көп екенін айтты. Судья келісті.

Монологын жалғастыра отырып, Ысқақов жиналғандарға жыл бойы прокуратура, Антикор, Қаржылық мониторинг агенттігі, ІІМ және ҰҚК-нің жүзден астам қызметкерлері "белгісіз жағдайларда белгіленбеген жерде белгіленбеген уақытта оған белгісіз себептермен белгісіз ұсыныс жасағанын" анықтағанын еске салды.

Оның пікірінше, бұл 1937 жылы КСРО-да болған оқиғаларға өте ұқсас. Ол өз сөздерінің дәлелі ҰҚК-де екенін және "өте құпия"деген белгінің астындағы папкаларда қаттаулы екенін жеткізді.

"Осылайша олар маған Әбіштің бұйрығын орындағанымды айтуға тыйым салуға тырысады", - деді Руслан Ысқақов күтпеген жерден.

Назарбаевтың немере інісінің есімі аталған сәтте сотталушының сөзін ешкім бөлген жоқ. 

- Алматы қалалық жедел штабын Мажғұлов басқарды, 2022 жылғы 5-6 қаңтардағы жағдай шұғыл шаралар қабылдауды талап етті, - деп жалғастырды сотталушы.

Мұндай мәлімдемеден кейін де судья оның сөзіне араласпады және Ысқақовқа келісім берді.

- Мен Арман Жұмагелдиевті ұстау туралы нұсқау шетелден келгенін білемін және дәлелдеймін. Жай ғана телефон қоңырауы арқылы. Осы уақытта қандай дәлелдер болды? Ешқандай - деп қосты Ысқақов.

Ол сондай-ақ тергеушілер Самат Әбішті қастандық жасаушы ретінде көрсете алатын көптеген адамдардан әлі жауап алмағанын атап өтті.

Осыдан кейін ғана судья сотталушының сөзін бөліп, өтінішхатқа қатысты негізгі мәселені тағы да атап өтті.

– Қазір біз бүкіл қылмыстық істі қарап жатқан жоқпыз, тек бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешіп жатырмыз, - деп еске салды судья.

Ысқақов ашуланып, қарсы сұрақ қойды.

- Бұл бүкіл қылмыстық іс емес, тек оның "белсенді" бөлігі. Маған сөйлеуге рұқсат беруіңізді сұраймын", – деді Ысқақов.

Ол мемлекеттік айыптаушылардың сотты адастырғанын қаламайтынын, сондықтан осы мәселелерді көтеруге тура келетінін атап өтті. Сонымен қатар, ол тағы да тыңдаулардың басты тақырыбын – қылмыстық істің барлық материалдарымен танысу мәселелерін қозғады.

- Барлық 330 томның ішінде мен тек 130-ымен таныстым. Осыған сүйене отырып, мен өз қорғанысымды қалай құру керектігін білмеймін. Маған дейін сөйлеген адвокаттардың ескертулеріне қосыламын. Мен 20 жыл қызмет еткеніме және ұлттық қауіпсіздікті қорғағаныма өкінетін және мақтан тұтатын ештеңе жоқ, Мен бұл үшін ведомстволық және мемлекеттік марапаттарға ие болдым. Мен кейбір генералдар сияқты қашып кеткен жоқпын", - деп қосты ол.

Қылмыстық істің әрбір басылған томының құны – 6 мың теңгеден астам

Іс материалдарымен танысу мәселесі алдын-ала тыңдаулардың басты тақырыбы болды. Сотталушылардың адвокаттары істі қарау үшін оларға уақыт берілмегенін және жағдай жасалмағанын мәлімдеді.

– Егер біз әр сұраққа жеке жауап берсек, онда бұл алдын-ала тыңдаулар ешқашан аяқталмайды, - деді прокурор.

Ол сондай-ақ қылмыстық істің барлық 330 томын басып шығаруға шамамен 2 млн теңге қажет екенін атап өтті. Алайда, ол бұл сомаға қағаздарды тігетін арнайы жұмысшының жұмыс ақысы да кіретінін айтты.

Сондай-ақ, сотталушылардың бірі айғақтарға қол қойған кезде олармен дұрыс таныса алмағанын, тергеуші оған жазаны жеңілдетуге уәде бергенін және оны демікпесі бар болғандықтан және отбасындағы жалғыз асыраушы екенін ескеріп үй қамауында қалдыруы керек болғанын айтты. 

Ол тергеушілер "уәдесін" орындамағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсауға оқталғанын мәлімдеді. Оны түрмедегілер өлімнен арашалап қалған.

Қорғаушы тарап сот процесін басқа қалаға ауыстыруды талап етті, өйткені Алматыда "қажетті" шешім шығаруға "жәрдемдесетін" мүдделі тұлғалар көп.

Нәтижесінде судья барлық өтініштерді назарға алғанын және олар бойынша шешімді келесі отырыста қабылдайтынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін адвокаттар отырысты бір залға ауыстыруды, онлайн-форматтан бас тартуды талап еткен болатын және бұл үдеріс ел тарихына енетінін еске салды. Айтпақшы, сотта сотталушылардың біреуін неге онлайн режимде қосатынын, ал енді бірін неліктен процеске әкелетінін ешкім түсіндірген жоқ. Дәл осы қитұрқылықтар қатысушы тараптардың наразылығын тудырды.