"Ақшамызды қайтарыңдар!" - осындай талаппен Орал тұрғындары алаңға шықты. Мәселенің бәрі әкімдіктің көз алдында туындап, өрбіп жатқанына қарамастан, шаһар басшылығы митинг өткізуге рұқсат берген. Ашуланған қала тұрғындары алаяқтарға жем болғандарын айтады – пәтер ұсынған, ақша жинап алған да ғайып болған. Наразылық акциясына Ulysmedia.kz тілшісіне де барды.