Мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Кәрім Мәсімовтің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық сұрап отырғаны хабарланған. Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Мәсімов жайлы осы ақпарат шыққалы қызу талқыланып жатыр. Оған рақымшылық жасалуы мүмкін бе деген сұрақ Мәжіліс депутаттарына да қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.