Өзбекстан азаматтарының Алматыға қаншалықты жиі баратыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
2025 жылы Өзбекстан әуежайларынан ұшатын ең танымал халықаралық бағыттардың қатарында Алматы да бар. Сарапшылар дерегіне сәйкес, бұл бағыт жолаушылар саны бойынша алғашқы ондыққа енген.
Рейтингте көш басында Мәскеу тұр. Бұл бағытты бір жылда 1,17 млн жолаушы пайдаланған. Алайда көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға төмендеген.
Екінші орында Ыстамбұл бағыты (Ташкент – Стамбул) орналасқан. Бұл рейспен 983,8 мың адам ұшқан, жолаушылар саны 3 пайызға артқан.
БАҒЫТТАР
Үздік ондыққа енген басқа да халықаралық рейстер:
Джидда (Ташкент – Джидда) – 481,7 мың жолаушы (-2%);
Дубай (Ташкент – Дубай) – 379,8 мың (+10%);
Алматы (Ташкент – Алматы) – 375,9 мың (+9%);
Сеул (Ташкент – Сеул) – 300,5 мың (+8%);
Самарқанд – Ыстамбұл – 222,6 мың (-0,08%);
Шарм-эш-Шейх (Ташкент – Шарм-эш-Шейх) – 210,4 мың (+48%);
Санкт-Петербург (Ташкент – Санкт-Петербург) – 175,2 мың (-4%).
Сарапшылардың айтуынша, Алматы бағытына деген сұраныстың өсуі қаланың туристік және іскерлік орталық ретіндегі маңызын айқын көрсетеді.