Қазақстанның қандай компаниясы Еуроодақ санкциясына ұшырады

Сырым Қаржас

Еуроодақтың ресми журналының мәліметінше, санкциялардың жаңа пакетіне қазақстандық компания енгізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Da group 22 атты қазақстандық компаниясы Еуропалық одақтың жаңа санкциялар пакетіне енгізілген. Компания ресми түрде 25 маусымнан бастап тізімде.

Толығырақ

Компания Астанада 2022 жылы тіркелген. Оның Ресейдің әскери машинасына қолғабыс еткені анықталды.

Da group 22 ресейлік кедендік деректерде Қазақстаннан мыңдаған микрочипті алған компания.

"Халықаралық тергеушілер тобы 2023 жылы мамырда қазақстандық Da Group 22 туралы айтып, оны соғыста пайдаланылатын санкциялық тауарларды қайта экспорттауға тікелей қатысатын компаниялар қатарында көрсетті. Тергеушілер компанияны Германияда іскерлік байланысы бар ресейлік отбасымен байланыстырды", - делінген басылымда. 

Ашық мәліметтерге сәйкес, Da Group 22 компаниясында бір ғана қызметкер бар. Қызмет түрі электрондық және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерінің көтерме саудасын көрсетеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Еуроодақ қазақстандық компанияларға қарсы санкцияларды енгізген болатын.

Ақпан айында екі қазақстандық Elem Group компаниясы мен "Da group 22" ЖШС батыс санкцияларға ұшырады.

Шектеулер Еуропалық одақтың 13-ші санкциялық пакеті аясында енгізілді.

Бұған дейін Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О ' Салливан Батыс елдері Ресейге қарсы шектеулер енгізуді жалғастырып жатқанын айтты.