Жедел-жәрдем бәріне келмейді. Хиджабқа Жоғары сот араласты – Ұлыс апта

Ulysmedia

Сол жағалауда бәрі тыныш көрінгенімен, күштік құрылымдағы ауыс-түйістер Тоқаевтың кей шенділерге сенбейтінін әлде билікке жақын топтар арасындағы бір тартыстың басталып кеткенін көрсеткендей ме?

Ulysmedia.kz порталы аптаның айшықты оқиғаларына шолу жасап, оқырман назарына өткен жеті күннің басты жаңалықтарын ұсынады.

Ulysmedia коллажы

Қазақстан әскері сапындағы өлім, «жазатайым жағдайлардың» көбеюі Ұлттық ұлан басшысынан кейін, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының ауысуына да әкелді.

Енді басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса бұрынғыдай жедел-жәрдемді шұғыл түнгі уақытта шақырта алмаймыз. Өйткені 4-ші санаттағы науқастарға қызмет көрсететін бригада қысқартылмақ. Бұл денсаулық министрі Әлназарованың қай алжығаны? 

Сонымен мектепте хиджап киюге бола ма, жоқ па? Жоғарғы сот орамал таққан оқушылардың мәселесіне нүкте қойылды деп еді, Артынша бәрі жоққа шығарылды. Бұл дау қашанға дейін жалғасады?

220 мыңға күн көру қиын. Жезқазғандағы коммуналдық қызметкерлер айлық көтеруді талап етіп наразылыққа шықты. 

Күздің қара суығы жетті, бірақ көктемгі алапат тасқыннан зардап шеккен халықтың дені әлі үкімет уәде еткен баспанамен қамтылған жоқ. Әсіресе, екі облыста жұмыс тым кешеуілдеп жатыр. Ал Үкіметегілер ескі болса да үй біткеннің бәрін міндетті түрде сақтандыруды енгізбек.

Қазақстандықтардың 64 пайызы жалпы ұлттық референдумға қатысуға дайын. Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары осындай деректі келтірді.

Референдумға 15,5 млрд теңге бөлінген. Ал сіз 6-қазанда өз таңдауыңызды жасауға дайынсыз ба?

Болат Назарбаевқа тиесілі Нью-Йорктің қақ төрі – Манхэтендегі  қымбат пәтер сатылымға қойылыпты. Жылжымайтын мүліктің құны 2 миллион доллар. Бұл 14 баласының қайсысына бұйырған актив?

Журналист Думан Мұхамедкәрімнің аппеляциялық соты жабық өтетін болды.

Байден Украинаның қорғанысына 8 млрд доллар бөлетін болды. Ал Трамп Зеленскиймен кездесіп, соғысқа нүкте қоям деп ант берді. 

Барлығын тарқатып айтып береміз, Ұлыспен бірге болыңыздар.