Былтыр 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі бүкіл елді дүр сілкіндірді. Арада бірнеше ай өткенде Шерзаттың туысы, медицина қызметкері Нұрқанат та жұмбақ жағдайда көз жұмды. Отбасының үйі өртенді. Осы екі ауыр қаза – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның жан жарасына айналды.
Ulysmedia порталының бас редакторы Самал Ибраева марқұм Шерзаттың әпкесі Перизат Нұрымовамен ашық сұхбат құрды.
“Бұл қайғылы оқиғаларға дейін дейін қарапайым әрі бақытты отбасы едік” деген Перизат ханымның сөз жанға батады.
Перизат отбасының бұрынғы өмірін сағынышпен еске алады. Көпбалалы, қарапайым ауыл отбасында бәрі медицина саласында жұмыс істеген. Анасының арманы – балаларының бәрі ақ халатты абзал жан болсын дегені орындалған.
«Кредитіміз болса да, уайымымыз аз еді. Бір-бірімізге көмектесіп, баламызды біріміз қарап, кезекпен дүкенде сатушы болып, армансыз өмір сүрдік», – дейді Перизат.
Шерзат ерекше бала болған. Үйдің қуанышы, ананың еркесі. Сары жүзі күн шуағындай көрінетін. Оны арқалап өсірген анасының махаббаты бәріне үлгі еді. Үш буын бірге өмір сүрген отбасының үйлесімі мен жылулығы әңгімеден-ақ сезіледі.
Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia порталының YouTube арнасынан көре аласыздар.