Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті және қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.
Сонымен, Ата Заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Қоғам екіге жарылды: бір тарап «қазақ тілі – жалғыз мемлекеттік тіл болуға тиіс, орыс тілі Конституциядан алынып тасталсын» деп талап етсе, екінші тарап «9-бапқа тиіспеңдер» деп дабыл қағып жатыр. Заңгер Мейірман Шекеевтен пікір алдық.
Ал саяси ортада парламенттік реформа деп басталған процесс соңы суперпрезиденттік жүйеге ұласып кетпей ме деген алаң бар. Сарапшы Оразалы Ержанов өз пікірін айтты. Сондай-ақ, халықтың пікірін сұрадық.
Тоқаев Гренландияны АҚШ-қа 120 жылға жалға беруді ұсынды. Пәкістандық медиаға берген бұл сұхбат арқылы қазақ президенті әлемге қандай месседж жолдады?
Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынды. Көк паспортына жүгінген әртіс Қазақстанға оралды. Бұл оқиғаның астарында не жатыр?
Қазақстандық фильмдер прокатқа шықпас бұрын енді міндетті тексерістен өтетін болды. Мұндай заңды Сенат мақұлдап жіберді. Бұл – мәдени саясат па, әлде цензураның жаңа түрі ме?