Халық белсенді болмаса, мемлекет те өзгермейді – депутат

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан ауқымды саяси трансформация қарсаңында тұр. Екі палаталы парламенттің орнына жаңа жүйе — Құрылтай мен «Халық Кеңесі» келеді. Бұл билік жүйесін қалай өзгертеді? Партиялардың рөлі күшейе ме? Елдің жаңа саяси архитектурасы қандай болады?

Ұлыстың жаңа шығарылымында Мәжіліс депутаты, «Республика» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков саяси реформалар, билік жүйесінің болашағы және саясаттағы мораль мәселелері туралы ашық пікір айтты.

Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция қоғамның саяси тұрғыдан кемелденіп келе жатқанын көрсетеді:

«Біздің қоғам әлі жас. Тәуелсіздікке — 35 жыл. Бұл адам жасы сияқты. Біз енді ғана саяси кемелділікті қалыптастырып жатырмыз. Президенттің бұл құжатты “болашақтың Конституциясы” деп атауы қоғамнан қолдау тапты - бұл оң үрдіс», - деп тұжырымдайды депутат. 

Сұқбатта талқыланған негізгі тақырыптар:
* Парламенттің орнына Құрылтай мен «Халық Кеңесі» жүйесінің келуі
* Партиялардың рөлі және саяси жүйені жаңарту
* Билік тармақтарының тепе-теңдігі және президент өкілеттігі
* Вице-президент институтының пайда болу мүмкіндігі
* Саясаттың жасаруы және депутаттық корпусты жаңарту
* Отбасы құндылықтары мен зайырлы мемлекет
* Мемлекеттік қызмет пен жастардың рөлі.

Сонымен қатар, Олжас Құспеков депутаттық мандат мұра емес екенін айтып, саяси элитаны жаңартудың қажеттілігі туралы пікір білдірді.

Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.