Жаңа Конституция шенеуніктерге жақсы өмір сыйламайды – Мұрат Әбенов

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Бұл шығарылымда Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновпен қоғамдағы ең өткір мәселелерді талқылаймыз. Несиеге батқан халық, банктердің ықпалы, заңсыз некелер, діни саясат, құқық қорғау жүйесіндегі әділетсіздік – барлығы ашық айтылады.

Депутаттың айтуынша, халық өмір бойы банктерге тәуелді болып қалуы үшін Қазақстанда арнайы жүйе құрылған. Сонымен қатар, ол онлайн несие, шоттарды бұғаттау, нотариустар арқылы шешім шығару сияқты даулы механизмдерді ашық сынға алды.  

Сұқбатта көтерілген мәселелер:

Банктердің шектен тыс табысы және халықтың қарызға батуы;
Онлайн несиелер мен телефон арқылы қарыз берудің тоқтатылуы;
1,5 млн адамның шотының бұғатталуы – заңды ма?
Діни саясат және мүфтиятқа қатысты сын; 
Заңсыз неке мен көп әйел алу мәселесі;
Полиция мен прокуратураның жауапкершілігі;
Әл-Фараби даңғылындағы апат және әділет мәселесі;
Қыз алып қашу, сталкинг және жаңа заңдар;
Жүргізуші куәлігінен заңсыз айыру фактілері;
Саяси жүйе мен шенеуніктердің әлсіздігі. 

Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.