"Байтақ" Құрылтайда не шешпек

Ulysmedia
Ulysmedia

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай саясатқа қалай келгенін, қалайша Назарбаевтың отбасы ол құрған компанияны «құрдымға жібергенін», 2023 жылы сайлауда Парламентке өтпей қалған кезде не түйгенін, неге билік «Байтақты» емес екі айда құрылған «Республиканы» таңдағанын, Қазақстандағы үш мұнай компаниясы қанша доллар табыс тапқанын, Кәсіпкерлер кодексі экологияға қандай зиян келтіріп отырғанын, сондай ақ, «Байтақ» Құрылтайға өтсе қандай жолдармен проблеманы шешетінін бөлісті.

Азаматхан Әміртай, 48 жаста, қоғам және саясат қайраткері, «Байтақ» экологиялық қозғалысының бастамашыларының бірі.

Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатын, Алматы энергетика және байланыс институтын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мәскеудегі «Сколково» басқару мектебінде Executive MBA дәрежесін алған.

Еңбек жолын IT және бизнес саласында бастаған. Жеке компанияларды басқарған, Қазақстанның бағдарламалық жасақтама компаниялары қауымдастығы мен «Инвесторлар альянсын» басқарған.

Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.