Дубайдағы демалыс Ақтаудан неге арзан? Қазақстандық туризм қазаққа қашан қолжетімді болады?

Ulysmedia

Қазақстанда демалу сән-салтанатқа айналып бара ма? Неліктен кейде Ақтауда демалғаннан гөрі Дубайға ұшып барған арзан, ал сұраныс жоғары Алакөлде әлі де сапалы қызмет көрсету жетіспейді?

Жаңа сұхбатымызда туризм саласының сарапшысы, туристік компанияның негізін қалаушы Гаухар Байбуловамен қазақстандық туризмнің негізгі мәселелері мен шетелге саяхаттау жайын сөз еттік.

Неліктен қазақстандықтарға АҚШ пен Еуропа елдерінің визасын алу барған сайын қиындап барады? Елшілікке бармай тұрып қандай қателіктер жібереміз? Неліктен «Болашақ» бағдарламасына қатысудың өзі америкалық визаны алуға кепілдік бермейді? Қазір Шенген визасын алу қай елдерде қиынырақ, ал қай мемлекеттерде жеңіл?

Қазақстандағы демалыс бағасына да жеке тоқталдық. Неліктен отандық курорттар Түркия мен Дубаймен бәсекелесе алмайды? Ақтау мен Алакөлдің толыққанды туристік орталыққа айналуы үшін не жетіспейді? «Бай болсаң ғана Қазақстанда демала аласың» деген әзілдің шығуына не себеп?

Сұхбатта сондай-ақ:

- жұбайы әйелін ертпей жалғыз демалуға бара жатса, консул неліктен бұған назар аударуы мүмкін;

-  кәмелетке толған адамның сапарын ата-анасы қаржыландырса, бұл неге сұрақ туғызуы ықтимал;

- Ұлыбритания визасынан бас тартылған жағдайда қанша қаражаттан айырылуың мүмкін;

- қазақстандықтар қазір көбіне қай елдерге саяхаттайды;

-  арзан әуе билеттерін әлі де табуға бола ма;

-  демалысты бірнеше ай бұрын жоспарлаған дұрыс па деген сауалдарға жауап берілді.

Бұл – виза, баға, сервис және Қазақстанның шын мәнінде тартымды туристік елге айналуына не кедергі болып отырғаны туралы ауқымды әңгіме.

Подкастың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.