Ресей неге қазақтың бағасын асырды? Кенесарының басы тағы дау болды. Мас ақын Мақсатқа кешірім бар ма? - Ұлыс апта

Ulysmedia

Ұлыстың бас редакторы Самал Ибраева аптаның басты саяси оқиғаларына шолу жасады.

«Ұлыс» аптаның ең маңызды әрі қоғамда қызу талқыға түскен оқиғаларын саралайды.

Кадрлық сабақтастық: Тоқаевтың таңдауы нені білдіреді?

Жаңа Конституцияға сәйкес кезекті тағайындаулар жасалды. Эльвира Әзімова, Нұрлан Әбдіров және Әлихан Смайылов өз қызметтерінде қалды. Президенттің қазіргі кадрлық стратегиясының мәні қандай? Меніңше, басты өлшем — мемлекеттік мүдде мен нақты нәтиже. Осы тұрғыдан бұл шешімдерден не күтуге болады?

Қазақстанның орнын өзгелердің бағасы анықтай ма?

Мария Захарованың Қазақстанның «орта держава» ретіндегі мәртебесіне қатысты сөзі назар аудартты. Бірақ еліміздің халықаралық орны сырттан берілетін бағаға тәуелді ме? Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың «оңбаған болмаңыздар» деген сөзі кімге бағытталды?

Кенесары тақырыбы неге әлі де жанымызға батады?

Кенесары ханның сүйегіне қатысты қырғызстандық екі студенттің қорлай сөйлегені нені көрсетті? Тарихи жады мен ұлттық намысқа тиетін мәлімдемелерге қалай жауап беруіміз керек? Екі бауырлас халықтың арасындағы дауды өршіту кімге тиімді?

Айтыс сахнасындағы жауапкершілік қайда?
Мақсат Ақановтың сахнадағы әрекетіне қатысты сын көп. Оның мас күйінде өнер көрсеткені туралы айтылған жайтқа қандай баға берілуі керек? Көрермен алдында түсініктеме беріп, кешірім сұрауы қажет пе? Бұл оқиға айтыс сахнасының әдебі, өнер иесінің жауапкершілігі және кәсіби талаптар туралы әңгімені қайта көтерді.

Қоғам назарындағы соттар: жауап күткен сұрақтар.

Ресей билігін ашық сынаған алматылық бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовтың соты неге жабық өтіп жатыр? Санжар Боқаев сотқа он күн қалғанда неліктен Алматыдан Астанаға ауыстырылды? Кінәсін мойындаған блогер Азамат Омаровтың босатылуы туралы не белгілі? 

Шығарлымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.

Айтар мәселелеріңізді біздің редакцияның WhatsApp нөміріне +7705 729 97 00 жолдай аласыздар.