Аутизм: диагноз қойылған балалар саны неге көбейді

Қазақстанда аутизмі бар адамдарға жүйелі қолдау көрсету үшін не істеу керек? Аутизмді ерте анықтау, білікті мамандар даярлау және адамның ересек өміріне дейін қолдау көрсету жүйесін қалыптастыру үшін не қажет? Балалар тағамының сапасы мен қауіпсіздігін қалай жақсартуға болады?

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева медицина ғылымдарының докторы, денсаулық сақтау саласының сарапшысы, Болат Өтемұратов қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарманмен балалардың денсаулығы мен дамуы туралы сұхбаттасты.

Әңгімеде аутизм спектрінің бұзылыстарына (АСБ) қатысты өзекті мәселелер кеңінен қозғалады. Атап айтқанда, аутизмді анықтау, балалар мен олардың отбасыларының қажеттіліктері, қажетті көмектің қолжетімділігі сөз болады. Сондай-ақ аутизмі бар адамдардың білім алуына, кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуына қатысты мәселелер талқыланады. Кәмелет жасына толған соң да оларға қолдау көрсету неліктен тоқтамауы керек? Бұл ретте мемлекетке, қайырымдылық ұйымдары мен жұмыс берушілерге қандай міндет жүктеледі?

Сондай-ақ сұхбатта:

  • Аутизмнің пайда болу себептері туралы ғылымда не белгілі және диагноз қою тәсілдері статистикаға қалай әсер етеді?

  • Екпе мен аутизмнің арасында байланыс бар ма? Ғылыми зерттеулер не дейді және ата-аналардың екпеге деген күмәні неліктен сейілмей отыр?

  • Гаджеттердің балаға әсері, сөйлеу қабілетінің дамуы және баламен тікелей қарым-қатынастың маңызы;

  • Аутизмі бар балалардың тамақтану ерекшеліктері және ас мәзірін біртіндеп кеңейту жолдары;

  • Глютенсіз және лактозасыз диета: медициналық тұрғыдан қажет болатын жағдайлар мен кең тараған қате түсініктер;

  • Мектептегі тамақтану сапасы: құнарлы ас мәзірі, өнімдердің қауіпсіздігі және асханалардың жұмысын ұйымдастыру;

  • Аутизмі бар адамдарды қолдау бағдарламаларында жасанды интеллект пен виртуалды шындық технологияларын қолдану мүмкіндігі талқыланды.

Балалар мен олардың отбасылары қажетті көмекті дер кезінде әрі үздіксіз ала алуы үшін денсаулық сақтау, білім беру жүйесінде және күнделікті өмірде қандай нақты өзгерістер қажет деген сауалға жауап іздедік.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.

Сізге қызық болуы мүмкін