Елімізде күз үлкен саяси өзгерістерден басталғалы тұр. 1 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысында Президент Халыққа жолдауын арнайды. Сонымен бірге Әлихан Смайылов Үкіметінің отставкасы күтілуде. Кім кетеді? Кім қалады? Оны өздеріңізбен бірге талқылаймыз.
Бұдан бөлек:
-АЭС салу бойынша халықтық тыңдау өтті. Жиналысқа Үлкен ауылы ғана, өзге өңірлерден де жұрт жиналды.
-Қазақстан заңдары мен халқының өміріне немқұрайды қарап келген Арселор Митталдың орнына орыстар келе ме? -Мектепте хиджап кию мәселесі тағы да дауға ұласты.
-Қамауда отырған Қайрат Боранбаев мемлекетке бір жарым миллиард қайтарады.
- Батыста шаруалар баж салығына қарсы, ал оны елеп отырған үкімет жоқ.
-Ата Заңымызға 28 жыл, бірақ халық неге өзінің конституциялық құқығын әлі күнге дейін білмейді?
Өткен жеті мен осы апта жаңалықтарын Ұлыстан көріңіз.