Неміс футболшыларына әйелдерімен кездесуге тыйым салынды

Сырым Қаржас

Құраманың бас бапкері бұл футболшылардың дайындығын бұзатындығын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Германия ұлттық құрамасының ойыншыларына Еуропа чемпионатының соңына дейін әйелдерімен және қыздарымен кездесуге тыйым салынды.

Бұрын ойыншылардың әйелдері мен жақындары олармен бірге уақыт өткізу үшін команданың қонақ үйіне еркін бара алатын.

Алайда, Bild дереккөзінің хабарлауынша, Германияның 1/4 финалға шығуымен олар енді базаға жіберілмейді және ойындардан кейін кездесуге рұқсат етілмейді.

Команданың бас бапкері Юлиан Нагельсман бұл футболшыларды одан әрі матчтарға дайындықтан бұзады деп санайды.

Айта кетейік ширек финалда Еуро қожайындары Испания ұлттық құрамасымен кездеседі.