ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы желі жұлдызына айналып шыға келді

Сырым Қаржас

TikTok-та Ерасыл Уалиев есімді оқушы өзінің Ұлттық бірыңғай тестілеуден 1 балл алғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Желідегі видеода оқушы Ерасыл өзінің 1 балл алғанына пікір айтушыларды үш топқа бөлген.

Бірінші топ оны өзінің айтуынша “тупойсың” десе, екінші топ “не деген ақылдысың” деген, ал ендігі бір топ “бір ғана сұраққа жауап бергенсің” деп ойларын бөліскен.

Дегенмен 1 балмен антирекорд жасаған оқушы өзінің желідегі жазылушылары қазірдің өзінде мыңнан асқанын айтып, оқырмандарын ертесі күнге жоспарлаған стримге шақырып отыр.

“Айтпақшы менде стрим ашылыпты. Ертең 8-ден 9-ға дейін стримге кіріңіздер, сұрақтарыңызға жауап беремін” дейді Ерасыл.

 

@erasyl.ualievv Ответ пользователю @NUR стрим 20:00 де 06.07.24 күні. Инста профильде #erasylualiev #1баллентерасыл ♬ оригинальный звук - Ерасыл Уалиев