Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасы қалай өзгерді

Ая Өміртай

Қазақстанда жыл басынан бері медициналық маскалар 14%-ға, ал парацетамол 12%-ға арзандады, деп хабарлайды LS. 

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша тамыз айында стерильді бинт (10 м-ге 5 см) 73 теңге болды, бұл қаңтар айымен салыстырғанда 1,4%-ға қымбат. Медициналық маска осы кезеңде 13,8%-ға, 25 теңгеге дейін, ал 100 г мақта – 3,1%-ға, 286 теңгеге дейін төмендеді.

Тамыз айында парацетамол 81 теңгеге сатылды, бұл қаңтарға қарағанда 12%-ға арзан, ал ацетилсалицил қышқылы – 51 теңгеге, 13,6%-ға төмендеді. Белсендірілген көмірдің 10 таблеткасы осы кезеңде 2,6%-ға, 38 теңгеге дейін арзандады.

Өз кезегінде 90% этил спиртінің 50 мл-і 0,7%-ға, 142 теңгеге дейін, ал 10 мл йодтың 5%-дық ерітіндісі 1,1%-ға, 91 теңгеге дейін өсті. Бұл ретте "Йодомариннің" 100 таблеткасы жеті айда 1,4%-ға,  яғни 1948 теңгеге дейін қымбаттады.

Басқа дәрі-дәрмектерге келетін болсақ, 25 мл корвалол 0,6%-ға, 180 теңгеге дейін, 10 пакет "Смекта" ұнтағы – 1,8%-ға, 1359 теңгеге дейін арзандады.

Сонымен қатар, есепті кезеңде 100 дана "Но-шпа" таблеткасы 7,3%-ға, 2688 теңгеге дейін, ал 10 "Супрастин" таблеткасы 1,2%-ға, 858 теңгеге дейін қымбаттаған.

Айта кетейік, материалда елдегі орташа бағалар көрсетілген.