Петропавлда 7 жасар қызды анасы мен өгей әкесі соққыға жыққан

Ғалиасқар Думан

Петропавлда екінші сынып оқушысын анасы мен өгей әкесі "тәртібі дұрыс болмағаны" үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Shutterstock

23 қараша күні кешке Петропавл орта мектептерінің  бірінде істейтін медицина қызметкері 7 жасар қызды ұрып-соққаны туралы хабарлаған.

Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Қылмыстық іс

"Петропавл қалалық ІІБ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қызға 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі дене жарақатын салғаны анықталды.

“Олар бұл әрекеттерін баланың "теріс қылығынан" болғанын алға тарта отырып, өздерінің кінәсін де мойындады", – деп хабарлады полиция.