Павлодар облысында соғыс ардагері 104 жасқа толды

Ulysmedia

Қазіргі таңда Шарбақты ауданында көзі тірі жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Ол – Ефим Петренко, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, бұл туралы Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуов айтқан.

«Жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Ефим Емельяновичті бүгінгі төл мерекесімен арнайы құттықтап қайттым. Бұл кісінің өмірлік тәжірибесі мол, болашақ ұрпаққа көрсетер өнегесі көп. Ғасырдан жасы асса да  бізді ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Соғыс ардагеріне зор денсаулық тілейміз», - деді Әзілхан Әбеуов.

Ефим Петренко 1917 жылдың 5 қазан күні  Шарбақты ауданында дүниеге келген. Соғысқа дейін 9-сыныпты бітіріп, ауданның әртүрлі ауылдырында пошталық бөлімнің бастығы болып қызмет атқарған.

1939 жылы Қызыл Армия шаруашылығы қатарына шақырылады. Кейіннен Ұлы Отан соғысына қатысады. Ол 1942 жылдың қыркүйек айында  снарядттардың бұзылуына байлансты аяғын жарақат алып, медициналық батольонда аяғын ампутациялау қажет болады. Ұзақ уақыт емделуден кейін 1943 жылы ауруханадан шығып, елге оралады.

Соғыстан кейінгі жылдары Ефим Петренко Шарбақты ауданында 1945 жылдың соңына дейін байланыс конторасының бастығының көмекшісі болып қызмет атқарып, одан кейін отыз жыл бойы Шарбақты ауданында жер қатынастары маманы болып еңбек еткен.

3 қыркүйек күні 104 жастағы ардагер коронавирусқа қарсы вакцина ектірді.