Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Төрткөл ауылында жылқы қырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қарағанды облысының Төрткөл ауылында жылқылар іріңді ойық жаралы дерматит түріндегі белгісіз инфекциядан қырылып жатыр.
Қарағанды облысы ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков ауру жылқылардан зерттеу үшін сынама алынғанын хабарлады. Оның айтуынша, аурудың бұл түрі жылқыларға тән.
– Төрткөл ауылында эпизоотиялық лимфангит диагнозын қою кезінде карантин режимі енгізіледі. Белгіленген карантин режимі шеңберінде ауру немесе құлаған жануарлар тәркіленіп, жойылады. Бүгінгі таңда заңнама шеңберінде қолданылатын нарықтық құн мөлшерінде өтемақы беріледі, - деп сендірді ол.
Бұған дейін Павлодар облысында малға жалған вакцинация жүргізілгені хабарланған болатын.