Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына сапары барысында еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген шаңыраққа арнайы барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚМДБ төрағасы сәбидің ата-анасы Берік Жұмағазиев пен Айдана Оразымбетоваға сый-сияпат көрсетті.
Балапандарыңыздың бауы берік болсын! Көз-қуаныштарыңыз болып өсе берсін. Атына заты сай азамат болғай! - деп батасын берді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жат ағымдардың билікке бару мақсаты болады – бас мүфти
Айта кетейік, еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны болып тіркелген мерейлі 5 сәби Ұлытау, Жетісу, Ақмола, Түркістан және Атырау облыстарында дүниеге келген болатын. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз. Барлығы да 2023 жылдың 14 қараша күні таңғы сағат 8:10-да дүние есігін ашты.
Берік Жұмағазиев пен Айдан Оразымбетованың отбасында өмірге келген сәбидің есімі – Мұхаммед.