Қарағанды ​​мектептерінде оқушыларды мерзімі өтіп кеткен дәрілермен емдеген

Ulysmedia

Қарағанды мектептерінде 3000-ға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Прокурорлық тексеру барысында сондай-ақ жарамдылық мерізімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды.

2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды. Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды.

Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқығы қорғалды.