Каспий теңізінің жағалауы әлі жанып жатыр

Ulysmedia

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында 100 гектар аумақта қамыс өртенді. Жалын Ресеймен шакарадағы Құрманғазы ауданында тұтанған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облысы ТЖД

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің мәліметінше, қамыс өрті 2 наурыз күні сағат 15:45-те тұтанған.

«Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында тұтанған қамыс өрті 100 гектар батпақты аумақты шарпығаны анықталды. Қамыс өртінен Құрманғазы ауданындағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Кеше өртті сөндіруге сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінен, орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органнан 36 адам, 5 мотопомпа, 1 техника, 4 мотоқайық тартылды», - деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

Оның айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жақын арада өрт ошағына Атырау қаласынан тікұшақ пен өрт сөндірушілерді жіберу жоспарланып отыр.