Алматыда бұрынғыдан да қатты жер сілкінісі болды

Аян Өрібай

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті дабыл белгісін қосты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған. 

ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді.

– 4 наурыз сағат 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі өңделіп жатыр. Эпицентрі, қанша бал болғаны туралы ақпарат нақтыланады, – деп хабарлады ТЖМ.

Ақпарат толықтырылады.