ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тергеу материалдарының қорытындысы бойынша, бұдан бұрын ұсталған айыпталушының біреуі шет елде жүріп радикалды діни идеологияны қабылдағаны анықталды.
Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.