Алматыда жылу құбыры жарылды

Ulysmedia

Алматыда Төлебаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде апаттың видеосы тарап жатыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық бригадасы апатты дереу жоюға кіріскен.

Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке би – Қонаев көшелерінің бойындағы 1985 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан диаметрі 400 мм құбырдың зақымдануын жөндеу үшін ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды.

Жөндеу жұмыстары бүгін түнгі сағат 23:00-ге дейін аяқталады. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.