Жезқазғанда патронат ата-ана 4 балаға құл ретінде мал баққызған

Ulysmedia

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев патронаттық тәрбиеге алынған балалардың жағдайын қадағалайтын органдардың жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Биылдың өзінде Ұлытау облысының қыстауында Жезқазған қаласынан 30 шақырым жерде зорлық-зомбылық пен жаза қолдану арқылы балаларға мал баққызу фактісі анықталды. Бұл балалар 2018 жылдың қаңтарына дейін қиын өмірлік жағдайдағы қолдау орталығында болған. Оларды патронат ата-аналар алып кеткен. Жалпы айтқанда, 4 баланы алып кетіп, оларға құл ретінде мал бақтырып отырған ғой. Оған ешкім қарамаған. Балалар патронаттық тәрбиеде болған 6 жылдың ішінде бұл отбасыны қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдері тексермеген. Бұл ретте патронат баланы тәрбиелеу мен күтіп бағуды бақылауды қорғаншылық және қамқоршылық органдары 6 айда кемінде бір рет тексеру керек еді. Бұл Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне бақылау жоқтығын көрсетеді, - деді ол Сенатта өткен дөңгелек үстелде.