Қостанайда әйел өзін өртеп жіберді

Ulysmedia

Оқиға Қостанайдағы бөлшек және көтерме сауда ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Облыстық ПД мәліметінше, ол үстіне белгісіз бір сұйық зат құйып, өзін өртеп жіберген. Төтенше оқиға мекеме аумағында болған.

Полиция өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталды. Өзге мәлімет жария етуге жатпайды, - делінген Қостанай облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.