Павлодар әкімдігі Рымбаева мен Нұртастың концертіне миллиондап ақша жұмсамақ

Сырым Қаржас

22 наурызда Павлодардың орталық алаңында белгілі әнші Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас өнер көрсетеді. Бұл оқиға қала бюджетіне 10 млн теңгеге түспек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Наша жизнь басылымына сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

Наурыз тойы болғанда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышева Наурыз мерекесін атап өту жоспарын баян етті. Оның айтуынша, бюджеттің негізгі бөлігі жұлдызды әртістердің ақысына кеткен. Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасқа жалпы шамамен 10 млн теңге жұмсалады.

Екі күндік мереке

Павлодарда Наурыз мейрамы екі күн тойланады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын қойылымдар мен мәдени іс-шараларды тамашалауға мүмкіндік береді.