Маңғыстау облысындағы Бейнеу кентінде магистральды газ құбырында жарылыс болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
18 наурыз күні шамамен сағат 23.00 шамасында Бейнеу ауылындағы “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-тың САЦ-4 магистральды газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шыққан.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр, –делінген хабарламада.