Ұлытау облысында тасжолды су басып қалды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылынан 27 шақырым жерде қардың қатты еруіне байланысты аудандық маңызы бар жолды су басты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ мәліметінше, су басу оқиғасы «Ұлытау-Сарлық» автожолында болған. Көлік қозғалысына шектеу енгізілмеді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

ЖАО күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.